Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін (сақтандырылған/сақтандырылмаған) тексеру сервисі енді Bereke Bank мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін тексеру тәсілдерінің қолжетімділігін және соңғы 12 айдағы төлемдерді көру мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Енді бұл қызмет Bereke Bank мобильді қосымшасында да іске қосылды.
Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, авторизациядан өту қажет. Кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміндегі «МӘМС» қосымша бетіне өтіп, ЖСН енгізу жеткілікті. Мұнда азаматтың мәртебесімен қатар соңғы 12 айдағы төлемдері де көрінеді.
Егер мәртебе «сақтандырылмаған» болса, осы қосымша арқылы «Төлемдер» бөлімінен МӘМС жарналарын төлеуге болады.
«Ақпараттық арналарды кеңейту, соның ішінде Bereke Bank-пен серіктестік жарналарды уақытылы төлеу бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Нәтижесінде, банк клиенттері МӘМС аясында медициналық көмекке қол жеткізе алады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
«Bereke Bank қызмет көрсету сапасын арттыруға, оның ішінде олардың ыңғайлылығы мен сенімділігіне басты назар аударады. Клиенттеріміздің барлық қажетті сервистерді онлайн алуына мүмкіндік жасау үшін біз қызмет көрсету арналарының тиімділігін арттырып, жаңа шешімдерді енгізуді жалғастырамыз», – деді банктың корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры Владимир Бондарь.
Айта кетейік, жақында МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру сервисі Freedom Bank мобильді қосымшасында, бұған дейін бұл қызмет Халық банк, Kaspi Bank және Банк ЦентрКредит қосымшаларында іске қосылды. Сондай-ақ өзге де екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

18.02.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026